Мерейі тасыған “Мерейлі отбасылар”

«Мерейлі отбасы-2023» байқауының қалалық кезеңі қорытыланды. Отбасында өзара келісім мен рухани сыйластықты нығайту, бір шаңырақ астындағы берекелі өмір сүрудің маңыздылығын және отбасы мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 8 отбасы қатысқан.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде жүлделі үшінші орын Мәкежановтар отбасына бұйырды. Екінші орынмен Төлеуғазы отбасы марапатталса, бірінші орынға Омашевтар жанұясы ие болды. Жеңімпаз жанұялардың барлығына тұрмысқа қажетті бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Сонымен қатар байқауға қатысқан 5 отбасы да ынталандыру сыйлықтарын алды.

Ән мен жырдан шашу шашылып, ұлттық құндылықтарымыз насихатталған шараға қалалық мәслихаттың төрағасы А. Бөкенов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ. Тұяқов, «Шаңырақ» көпбалалы аналарды қолдау орталығының директоры, қоғам белсенді Л.Қожахмет, облыстық мәслихаттың депутаты М. Башай, тіл жанашыры Э.Сайлауқызы қатысып, ақжарма тілектерін білдірді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,

ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.