Менингиттің алдын алу!
Менингококк инфекциясы – бактериялармен қоздырылатын жіті инфекциялық ауру. Ол симптомсыз тасымалдау, назофарингит (мұрын және жұтқыншақ қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қан зақымдануы) сияқты түрлі клиникалық көріністерімен білінеді. Ауру адамдар мен тасымалдаушы сау адамдар инфекция көзі болып табылады, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк тасымалдаушылары болады.
Менингококк инфекциясымен ауыру қыста және ерте көктемде байқалады.
Инфекция ауалы-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) жол арқылы жұғады. Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның ағзасына науқас немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейінгі аралықта өтеді. Алғашқы күннен бастап науқастың айналасындағы адамдарға жұқғады.
Менингиттің басталуы: күтпеген жерден катты бас ауыруы пайда болып, құсады, 6-15 сағаттан кейін дене бөртіп, температурасы 39-40°С жетеді, қалтырайды. Тері бозғылттанып, жалпы әлсіздік байқалады, арқа мен аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдеп, тәбеті төмендейді. Бұл ауру жеңіл өтеді, сондықтан тұмау, баспа, тонзиллит және т. б. ауруларды қоздырады. Ағзаның қорғаныс күшінің әлсіреген кезде қатты тоңу, шаршау, қажу пайда болып, менингококк мидың қабатына еніп, қабынуды қоздырады.
Алдын алу шаралары: Аурудың катаральдық құбылыстары бар алғашқы белгілері пайда болғанда (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындау керек.
Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда-ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруды шектеп, жеке гигиенаны сақтау қажет.
Ғимараттарды жиі желдетіп, ұйымдасқан ұжымдарда ылғалды жинау жүргізу керек.
Созылмалы инфекция ошақтарында санация жүргізу маңызды, балалар жасында бұл жиі ЛОР-органдарына қатысты, сондықтан мүмкіндігінше алдын-алу мақсатында балаларды оториноларингологтарға тұрақты апару керек.
Тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу қажет.
Тоңу, ашығу, ұйқысыз, уайымға салынудан және т. б. аулақ болу керек.
Ауруды әрқашан емдегеннен гөрі алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!
Нұрлан АЙМАҒАНБЕТОВ,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы