Мен оқыған бір кітап
«READx» – ХХІ ғасырда үлкен сұранысқа ие, кітап сүйер қауымның сүйікті жобасы. Жобаның ұраны – «Оқуға ұмтыл!». Жобаға қазақ және орыс сыныптарынан 12 оқушы қатысты.

«READx» жобасының мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау әрі қызығушылықты арттыру. Сондай-ақ, әдеби шығармалардың құндылығы мен мазмұнын дәріптеу. Ол – озық оқырманды анықтау және тамаша шығарманы оқуға кеңес беруге арналған алаң. Мұнда жас ерекшеліктеріне қарамастан қатысушылар өз ойтолғаулары мен жиған-тергендерін ортаға салады.
Әдетте, аудиториядағы оқушыларға шара басталмас бұрын бағалауға арналған екі топшамалар таратылды. Екі топшаманың бірін көтеру арқылы оқушылар кітапты «Оқимын» немесе «Ойланамын» деп дауыс береді.
Қатысқан оқушылар өздерінің оқыған шығармаларының қызықты жерлеріне қысқаша тоқталады. Атап өтетін болсақ, 10 «Ә» сынып оқушысы Әлия Табиғатқызы Төлен Әбдіковтің «Оң қол» атты шығармасын ойдағыдай жеткізе білді. 10 «В» сынып оқушылары Айғаным Мұханбетжан мен Дария Рахман, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романмен бөлісті. Оның ұнағаны соншалық барлығы бірауыздан «оқимын» деген топшаманы көтерді. Сипаты мен мазмұндық тереңдігіне тоқталып кетті.
Дауыс беру арқылы көрермен оқушылардың қай көркем шығармаға қызығушылығы туғанын анықталды. Жоба соңында әрбір қатысушыларға сертификаттар табысталып, оқушылар өзара кітап алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, шабыттандыру үшін қатысушыларға кітап сыйға тартты. Бастау алған бұл жоба мұғалімдерді де қызықтырып, үлкен сұранысқа ие болып, жалғасын күтуде.
Жанар ҚҰСАЙЫН,
№102 мектептің кітапханашысы