Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге арнайы емханада тегін қызмет көрсетіледі

2019 жылдың 1-ші қаңтарынан Қарағанды қаласындағы Можайская 13/1 мекен-жайында орналасқан №8 емханада мемлекеттік қызметшілерге тегін дәрігерлік қызмет көрсетуді бастайды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша жүзеге асатын игі іс қаладағы екі мыңға тарта мемлекеттік қызметшілермен қатар, олардың отбасыларына да тегін қызмет көрсетеді.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ерлан Нұрлыбаевтың айтуынша, емхана заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Физиотерапия, функционалды диагностика, УДЗ, рентген кабинеттері, сондай-ақ, күндізгі стационар да бар. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге 14 арнайы дәрігер-маман кеңесін алуға мүмкіндік беріледі.

Толығырақ, газет бетінен оқи аласыздар.

Салтанат ИЛЬЯШОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button