Жаңалықтар

Мемлекеттік тілді менсінбеу ме?

Қарағанды қалалық №1 аурухана мен емхананың 8(7212) 31-07-78 біріктірілген тіркеу бөлімінің телефоны автожауапбергіші халыққа, тек, орыс тілінде ғана жауап береді. Қызмет мемлекеттік және ресми тілде бірдей көрсетілуге міндетті емес пе?

Неліктен қазағы қалың қоныстанған Майқұдық аймағында тұрғындарға мемлекеттік тілде анықтамалық қызмет жасалмайды? Әлде, емдеу мекемесі басқа елдікі ме?

Аурухана директоры Д.Чернов мырза мемлекеттік тілді мүлдем айналымнан шығарып тастаған ба? Бұл – қолданыстағы тілдер туралы заңнамаға қайшы әрекет. Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы және Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аталған олқылықтың орнын жуық арада толтырса дейміз.

Дархан ЖОЛЖАНОВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button