Бас тақырып

Мемлекет басшысы өңірлердегі жылу және сумен қамту ісін тез арада қалыпқа келтіруді талап етті

Мемлекет басшысы өңірлердің әкімдерімен жылу беру мәселесін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: tengrinews.kz сайтынан

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды. Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді.

Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр. Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button