Бас тақырып

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: Ақорда

Құрметті журналистер! Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады. Баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі.

Қазақ журналистикасының тағылымды тарихы, аға буын қалыптастырған ерекше қолтаңбасы бар. Біз оның бай шежіресі мен ағартушылық дәстүрін барынша сақтауымыз қажет. Бүгінгі ақпарат саласының өкілдері осы сабақтастықты лайықты жалғастырып, өзіне жүктелген жауапты миссияны абыроймен атқарып келеді.

Сіздер қай кезде де халыққа шынайы әрі жедел хабар таратып, кәсіби біліктіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Болашақта да елдік мәселелерді көтеріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға белсене атсалыса бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға бақ-береке, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілеймін!

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button