Бас тақырып
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.
Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА