«Мем­сыйлық» туралы — Серік Ақсұңқарұлы

92e267079f8356e25f4ed6af10a67939

 

Болсам да керім ұлы кемел ұлттың,

Пендеден зият қашан кереліктің.

Алмаймын Мемлекеттік

сыйлықты да,

Қолынан мемлекетсіз шенеуніктің.

 

Пендені қайтем,

Күнде салып бір ән.

Алланың алдына ылғи барып тұрам.

Гомердің кісілігі менде қалған,

Нобельдің сыйлығын да тәрк қылам.

 

Туа сап алтын құрсақ анашымнан,

Ақын боп арыстандай аласұрғам.

Алланың көзі келіп маған түссе,

Миллион Алаш ұлы арасынан.

 

Жарымай,

Жан, күй дейтін заманға ерген.

Пенденің бәрі де адам, заман

келген.

Басымды адамға емес, Аллаға идім,

Абайға бергенінен маған берген.

 

Тәнті боп рухымның шетіне көк,

Өлсем де тұрам ертең еліме тек.

Мен — «Тәңірі сыйлығының»

лауреаты,

Менімен ұлы — мына мемлекет.

Менімен сұлу — мына мемлекет.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.