Жаңалықтар

Мектептен гепатит шықты

    Қарағандыдағы №58 мектепте алты бала гепатит ауруына шалдықты. Барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Жалпы, сары ауру немесе «лас қолдар» ауруы тек бір адаммен ғана шектеліп қоймайтыны белгілі. Сондықтан, А гепатитінің түрімен балалар жиі ауырады. Басқарма мамандары бір мектептен бірнеше баланың бірден ауру дерегі кездеспегеніне бірнеше жыл болды дейді.

Айжан ИСА,

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– №58 мектептен 6 бала жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Балалардың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр. Қазіргі таңда облыс бойынша А гепатитін жұқтырған 20 адам ауруханада. Оның ішінде, балалар және әртүрлі жастағы облыс тұрғындары бар.

Дәрігерлер атап өткендей, А гепатитінің анықталуына байланысты білім ошағы толық залалсыздандырылды. Қазір балалар сабақтарын жалғастырып жатыр. Дегенмен, мектепте кезекші дәрігерлер тағайындалып, күнделікті тексеріс жұмыстарын жүргізуде.Балалардың жағдайы қалыпты болғанымен, толық қашан жазылып шығатындары әзірге белгісіз.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button