Жаңалықтар

Мектеп балансындағы компьютерлер мен планшеттер кімге беріледі?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов компьютері жоқ оқушыларға мектеп балансындағы компьютерлер мен планшеттер берілетінін айтқан болатын. Ол гаджеттер бірінші кезекте кімге беріледі? Бұл сұраққа облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев жауап берді.

  • Компьютерлер бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алатын жандарға беріледі. Осыдан соң, компьютер сатып алуға мүмкіндігі жоқ азаматтар алады. Ол үшін мектеп басшылығына өтініш айту қажет. Өтініштер қарастырылған соң, қабылдау-тапсыру актісі толтырылады және компьютерлер уақытша пайдалануға беріледі, – деді Есенғазы Иманғалиев.

Өз кезегінде, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов компьютер алуға өтініш білдірген азаматтардың барлығын қажетті гаджеттермен қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындарды мектеп мүлкін уақытша пайдалануға алған кезде оны күтіп ұстау қажеттігін естен шығармауға шақырды. 

Басқа материалдар

Back to top button