Жаңалықтар

Медициналық қызметтердің тиімділігі мен сапасы

Қарағанды облысы бойынша Денсаулық сақтау басқармасының бюджеттік қаражатын басқару тиімділігін бағалау және талдау мақсатында, Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің 2017 жылға арналған тізбесіне сәйкес 2015 жылғы 1 қазан және 2017 жылғы 30 сәуір аралығындағы кезеңге «Халыққа медициналық көмек көрсетуге бөлінген (жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша) мемлекет активтері мен бюджеттік қаржыны пайдалану» аудиторлық іс-шарасы жүргізілді.

Аудитпен  34 227, 5 млн. теңге сомасымен облыстың 20 мекемесі және кәсіпорындары қамтылды, 126 532,7 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, соның ішінде 53 316,8 мың теңге сомасына республикалық бюджеттің, оның ішінде 73 378,7  мың теңге сомасына бюджеттік қаржының пайдаланылуымен бюджеттік заңнаманың, 53 154,0 мың теңге сомасына бухгалтерлік есеп жүргізу және заңнаманың қаржылық есептілікті құру барысындағы бұзушылықтары анықталды.

369 118,7 мың теңге сомасына рәсімдік сипаттағы, 10 313,7 мың теңге сомасына бюджеттік қаржының (активтердің) тиімсіз пайдаланылуы бөлігіндегі, 500,0 мың теңге сомасына Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын жүзеге асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерінің бұзушылықтары.

Анықталған бұзушылықтардан қайтарылуға 90 555,1 мың теңге, өтелуге 35 306,9 мың теңге жатады.

Қарағанды облысының мекемелері мен кәсіпорындарына медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша аудиторлық іс-шаралардың талдауы мен нәтижелерін ескере отырып, келесіні атап өтеміз:

Бюджеттік бағдарламалардың жалпы өлім-жітімді, ана және сәби өлім-жітімін азайту сияқты негізгі көрсеткіштері бойынша нәтижелеріне қол жеткізілмеу Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің нәтижелілік қағидатының бұзылуына әкелді (мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларымен және (немесе) аумақтардың даму бағдарламасымен нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған бюджетті әзірлеу және атқару);

ТМККК көлемін орындау бөлігінде көрсетілетін қызметтер құнының шамадан тыс асырылу фактісі орын алған, осылайша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіріп тұрған қызметтерді көрсетуге қосымша ақшалай қаржы бөлінген;

Мамандардың жетіспеушілігіне, кадрлардың тұрақтамауының жоғары көрсеткіштеріне және біліктілікті арттыру жөніндегі жоспарлардың орындалуына әсерін тигізген кадрлық саясат мәселелері өзекті болып қалуда;

Медициналық қызметшілер біліктілігінің төмен деңгейі медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасыз ұсынылуына шағымдар мен өтініштердің, халықтың қанағаттанбау деңгейінің өсу себептерінің бірі болып табылады.

Осылайша, мемлекеттік аудит нәтижелері облыстың денсаулық сақтау кәсіпорындары мен медициналық мекемелерінде жалпы денсаулық сақтаудағы қиындықтардың барын көрсетті.

6 аудит объектісі бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-ге әкімшілік өндірісті қозғау үшін берілді, нәтижесінде бүгінгі күнге 2 лауазымды тұлға 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бір материал сотқа берілді.

 

Қарағанды облысы бойынша

тексеру комиссиясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button