Медицина – жаңғыру жолында

              Биыл Жезқазған қаласында кардиохирургиялық орталық ашылып, ел игілігіне жұмыс жасайды. Сонымен қатар, «DamuMed» мобильді қосымшасының көмегімен қарағандылықтар дәрігердің кеңесіне жазылып, мамандарды үйге шақыруға, зертханалық зерттемелердің нәтижелерін, дәрі рецептерін, науқас парақшасын алу сынды мол  мүмкіндікке ие болады. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар ХОРОШАШ аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Спикердің айтуынша, облысымызда заманауи медициналық құрылғылар алынып, материалдық-техникалық базалар жаңартылған. Жағымды жаңалықтың бірі – аймағымызда кардиохирургиялық орталықтардың санын көбейтіп, инфаркт ауруларының көрсеткішін төмендетуге күш салмақшы. Қазіргі таңда ақпараттық контентті кеңейтуге қатысты жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы қосымшада кері байланыс пен мобильді сауалнама атқарымы қосылады. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Қарағанды облысында аймақтық Кешендік медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) енгізілді. Оған тегін медициналық көмектің кепілдік көмегін ұсынатын барлық мемлекеттік және 95% жекеменшік ұйымдар тіркелген. «DamuMed» мобильдік қосымшасын Қарағанды облысының 30 мыңға жуық тұрғындары пайдаланады. Денсаулық сақтау басқарамасының мәліметінше қазірдің өзінде 50%-дан астам емделушілер электрондық қызметтің көмегімен дәрігерге жазылады. Ай сайын дәрігерлер 69 мыңнан астам электронды рецепт жазып, КМАЖ арқылы 240 мыңнан астам жолдама жазып берген.

– Салаға қатысты жаңалықтың бірі – орталық ақпараттық жүйе енгізу. Яғни, кез келген адамның саулығына қатысты барлық мәліметтер арнайы базада сақталып, жеке карточканы іздеу секілді артық әурешіліктен құтылады. Мәселен, электронды флюоротеканы енгізу дерттің алдын алуда анағұрлым тиімді. Жыл сайын 700 мыңнан астам тұрғындардың түсірілімдері мә­ліметтер базасына енгізіліп, екі мәрте оқылады. Ол алдын ала қаралу тиімділігін 20%-дан 70%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Медициналық ақпараттық жүйені жасаушы компания жасанды ақыл элементтерін «флюоротека» модуліне қосу мәселесін қарастыруда,– деді А.Хорошаш.

Жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарт­тарға сәйкестендіру және жаң­ғырту мақсатында 7 мамандандырылған ахуалдық орталықтар қызмет етуде.  Бұл  емделушілерге бірінші кезекте дертті диагностикалауда жоғары технология­лық тәсілдерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Нұрдос КӘРІМ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.