«Медицина қызметкерлеріне қолдау көрсету керек»

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ бейнеконференциялық байланыс режимінде өткізген кеңесте әр түрлі жағымсыз ақпарат легінен дәрігерлердің еңбегі көрінбей қалып жатқанын айтқан болатын.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індетіне қатысты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында осы пікірді толық қолдайтынын көрсетті.

–  Инфекцияның тұрғындар арасында тарауы артып жатыр, жаппай жұқтыруға жол бермеу үшін бірқатар шаралар қолданылуы мүмкін. Бірақ қайталап айтайын, Үкіметтің осы жағдайдан шығу бойынша нақты ұстанымы бар. COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыру үшін нақты жоспар құрылды. Сіздерді бізбен бірге болып, медициналық қызметкерлерге қолдау көрсетуге шақырамыз, – деді министр.

Салтанат ІЛИЯШ.