Руханият

Медицина майталманы

Қолымызда – «Халықтың Мұ­рат­бегі» атты жаңа кітап. Бұл еңбек берісі Арқаға, әрісі Алашқа әйгілі онкология саласының білгірі, медицина ғылымдарының кандидаты Мұратбек Жұмақаевтың өнегелі өмір жолына арналған.

Кітап төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы «Бауырлар мен туған-туыс Мұраты» бөлімінде ет жақындардың естелігі топтастырылған. Олардың арасындағы жақында өмірден өткен жазушы Кәмел Жүністегінің «Қайран, бауырым!» естелігі кітапты оқуға жетелей түсті.

«Майталман мамандардың Мұраты» бөлімінде академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қани Жұмкенұлы бастаған бірқатар саланың білікті мамандарының естеліктері жинақталыпты.

Үшінші «Достар мен қимас жандардың Мұраты» бөлімінде химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Қасенов, ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғалым Жайлыбайдың әсерлі өлеңі және басқа да замандас достарының есті естеліктері беріліпті.

Төртінші бөлімде еңбек жолында қол жеткізген наградалары мен түрлі жиындарда, үйінде түскен сирек фотосуреттерімен таныса аласыз. Кітап жалпы оқыр­ман қауымға арналған. Тағылымы мол, тілі жатық. Кез келген оқырманды бей-жай қалдырмайды.
Кітаптағы Мұратбек Дәулетханұлының адал еңбегінің арқасында жеткен жетістіктері мен бағындырған биіктері жас буынды өз мамандығына, өз ісіне жауапкершілікке, табанды еңбек етуге жетелейді. «Еңбек – бәрін жеңбек» деген ұлағатты сөзді осындайда ұққандай боласың.

Жәлел ШАЛҚАР.

Ortalyq.кz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button