Жаңалықтар

МАРҒАУДЫ құтқарып, атағы шықты

Қарағандылықтың қайырымды ісі төрткүл дүниені тамсандырды. Айтары сол, бүгінде Ресейдің Калиниград қаласында тұратын Денис ДЕГТЯРЕВ жолды кесіп өте алмай, шарасыз тұрған марғауды құтқарып қалған.

«Nur.kz» сайтында жарияланған бейнероликте зулап өтіп жатқан көліктер арасында бас сауғалап жүрген кішкене марғау көрсетіледі. Жүргізушілердің ешқайсысы құйтымдай тіршілік иесінің шарасыз күйіне назар аудармайды. Тек, бір ғана «Пежо» көлігі тоқтап, одан түскен ер адам әбден зәресі ұшқан марғауды көлігіне салып әкетеді.

Қайырымды жүргізушінің есімі кейін нақтыланды. Белгілі болғандай, бейнеролик кейіпкері Денис Дегтярев осыдан жиырма жыл бұрын Қарағандыдан қоныс аударған екен. Оның айтуынша, марғау өз қожайынының қолына аман-есен тапсырылыпты.

Қарағандылықтың игі ісіне әлемдік ақпарат құралдары бірден назар аударды. Жаһанды аузына қаратқан «Daily Mail», «The Washington Post» сынды басылымдар мақалалар арнады. Сөйтіп, қарағандылық жігіт бір-ақ күнде айдай әлемге танылды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button