ЖаңаарқаТұлға

Мамандығы –мақтанышы

    Мұғалім атану оның бала кезінен-ақ көкірегіне ұялаған арманы еді. Бұл мамандықты осынша сүйіп, армандауыма өзім оқып жүрген кездегі ұстаздарым ықпал етті. Олардың сөйлеген сөздері, жүріс-тұрысы, бойын ұқыпты ұстауы бәрі-бәрі мені ерекше қызықтыратын.

Ол ұстаз Оңтүстік Қазақстан облысы, Ащысай руднигінде дүниеге келген, Қызылжар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Дариға Сәрсенова.

Дариғаның анасы – Фатима ерте қайтыс болып, әкесі жеті баланы өзі тәрбиелеп өсірді.

Дариға 1976 жылы орта мектепті бітіріп Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсті. Ойдағыдай аяқтады. Дариға мұғалім өз сөзінде: «Әкем марқұм біз оқымадық, сендер оқыңдар» деп бізді оқытып, өзі металлургия зауытында тапжылмай еңбек еткен еді деп әкесіне ризашылығын білдіріп, сағынышпен еске алады. Жыл сайын оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 90 пайыз үлгерім беріп отырады. Ұстазға деген шексіз махаббаттың әсерінен болар жолын қуған шәкірттері Б.Сәдуақасова, Б.Ахметова, А.Сүлейменовпен мақтанып, марқайып отырады. Әр сабақты жаңа бағдарламамен үлестіре отырып, өткізеді. Осыдан 38 жыл бұрын еңбек жолын бастаған Дариға мұғалімнің оқушылардың шығармашылықтарын дамытудағы еңбегі өлшеусіз.

Бағила ЫСҚАҚОВА.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button