АймақҚарағанды

Мал ұрлығымен күрес – қарқынды

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес мал ұрлығының алдын алу мақсатында аймақта 17 мобильді блокбекет қойылған.

 

Құрамына криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспекторлар кірген мобильді топ мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көлік құралдарын жіті тексеретін болады. Жүргізушіде ветеринариялық құжаттама болмаған жағдайда хаттама толтырылып, тиісті шаралар қабылданбақ.

– Мал ұрлығының белсенділігі күздік пен соғым науқаны кезінде артады. Мал өсірумен айналысатын жеке адамдар мен шаруа қожалықтары осы уақыттарда көп зардап шегеді. Мысалы, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақтоғай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 4 күдіктіні ұстады. Олардың мал ұрлығының 6 фактісіне қатысы бар екендігі дәлелденіп, негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, – дейді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button