Жаңалықтар

Маңызды шешімдер қабылданды

Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХV сессиясы өтті. Облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ, облыстық мәслихат хатшысы Серік ӨТЕШОВ қатысқан жиынды облыстық мәслихат депутаты
Мұқанбетқали
АБАЙДІЛДИНОВ жүргізді.

Аймақта Цифрландыру басқармасы құрылады. Біздің облыс бұл бастаманы ел өңірлерінің қатарындағы алғашқылардың бірі болып көтерген.
Осы және өзге де мәселелерді қамтыған сессия жұмысының күн тәртібі мынадай:
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы ХІІІ сессиясының №258 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. Қарағанды облысын басқару схемасы туралы.
3. Қарағанды облысы бойынша іске асыру жоспарланып отырған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізімін бекіту туралы.
4. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі Х сессиясының №222 «Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп ұстау мен қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 26 маусымдағы ХХVІ сессиясының №299 «Қарағанды облысын үдемелі индустриалдық дамыту жөніндегі өңірлік Үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
6. Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы ХХХ сессиясының №341 «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7. Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы VІІІ сессиясының №272 «Қарағанды облыстық мәслихатының аппараты» ММ-нің 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Облыстық мәслихат депутаттары өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қолдап дауыс берді.
Облыс әкімі Ерлан Қошанов барлық көтерілген мәселелер Мемлекет басшысының «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыруға бағытталғанын айтты. Облыстың даму мүмкіндіктеріне қолдау көрсеткен мәслихат депутаттарына алғысын жеткізді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button