Жаңалықтар

Мақтанышпен айтамын

Жақында еліміз Тұңғыш Президент күнін атап өтті. Президентіміз әлемдік жаңалықтарға мұқият назар аударатын көрнекті ғалым екендігі белгілі. Оның іргелі еңбектері: «ХХІ ғасырдың табалдырығында», «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму», «Қоғамды өзгерту стратегиясы және Еуразиялық өркениеттің қайта өрлеуі», «Бейбітшілік эпицентрі», «Еуразия жүрегінде» тәрізді кітаптары мен басқа да ғылыми жұмыстары әлемнің көптеген елдерінде қолдауға ие.

Жан-жақтылық Президентімізге тән қасиеттің бірі. Сондай-ақ, ол әлемдік дәрежеге сай ғалым. Ол экономика ғалымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесі, бірнеше халықаралық университеттердің құрметті докторы, шет мемлекеттердегі бірқатар Ғылым академияларының академигі болып табылады.

Біздің Елбасы туралы өзінің елінде де, сондай-ақ, әлемнің басқа жерлерінде де жақсы жағынан айтылып келеді. Халықтардың бейбіт өмір сүруіне орай тындырған жұмыстарының мән маңызын сезінбеу мүмкін емес. Сондықтан да «Нұрсұлтан Әбішұлы –менің Президентім» деп зор сеніммен әрі мақтанышпен айтамын.

Ержан АМАНТАЕВ,

Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебінің 2 «А» сынып оқушысы.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button