Қаражал

Мұқтаждарға – тегін нан

               Қаражал қаласында өз есімін елге жария етуді жөн көрмеген ізгі пейілді кәсіпкер кімнің де болсын жүрегіне жылылық ұялатар қайырымды шараны қолға алды. Ол әр жұма сайын қалалық орталық аурухананың буфеті арқылы мұқтаж жандарға тегін нан таратуда.

Қайырымдылық акциясы аясында ақысыз-пұлсыз нан алуға зейнеткерлер, мүгедектер, табыс түсімі мейлінше шектеулі отбасылары және тағдыр талқысына түсіп, басынан қиын жағдайларды өткеріп жүрген адамдар құқылы.

– Мейірімділік – адамзат баласының асыл қасиеттерінің бірі. Имандылық ұстанымын арқау етіп, өзін қоршаған қоғамның жанашыр көзқарасын қажетсінетін адамдарға көмек қолын созуға ниет бұрған азаматтың игі шаруасы – көпке үлгі. Жарасымды бастамаға істері ілгері басқан басқа да кәсіпкерлер ықыласпен қолдау білдірері күмәнсіз, – дейді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Қаражал қалалық филиалы директорының міндетін атқарушы Меруерт Мұқашева.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button