Жаңалықтар

«Мұнайшылар» мықты шықты

                       Дүйсенбі күні «Сарыарқа» «Нефтяникпен» кездесті. Альметьевскіде өткен ойын айдын қожайындарының пайдасына шешілді. 5:2.

«Мұнайшылар» сапында Александр Чиглинцев (18-ші минут), Александр Остроухов (21-ші минут), Максим Хапов (37-ші минут), Кирилл Адамчук (57-ші минут) және Умед Гильманов (59-шы минут) мергендігімен көзге түсті.

Бес шайбаға қарағандылықтар екі голмен жауап қатты. Екеуін де Артур Сарваров үшінші кезеңде салды. 45-ші және 54-ші минуттарда қақпашы Ярославлевтен айласын асырды.

Кеше «Сарыарқа» Нефтекамскіде «Тороспен» күш сынасты. Ертең пермьдік «Молот-Прикамьемен» мықтылық байқасады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button