Бас тақырып
Мүлікті декларациялау: жаппай тексеру өте ме?
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстандағы мүлікті декларациялау қалай өткізілетінін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, декларациялау барысында жаппай рейдтер мен тексерулер болмайды.
– Енді аударымдар бақылауға алынып, кәсіпкерлер қолма-қол ақшаны пайдалануға көшеді. Бұл да көлеңкенің екінші жағы. Бірақ егер ақша QR арқылы төленетін болса, онда біздің фискалдық бөлігіміз анық көрініп, бүкіл экономикаға оң әсер етеді. Ең бастысы, тұтынушылар ретінде бұл біз үшін қосымша кэшбэк екенін түсінуіміз керек, – деді Біржанов.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ