Руханият

Мөлдір жыр оқылған күн

Облыстық білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды көлік-технологиялық колледжі базасында республикалық Мұқағали Мақатаев оқуларының облыстық кезеңін ұйымдастырды. Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында өткен байқау ақын шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін, табиғи дарынын анықтау мақсатын көздеді.

Cөз додасына аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары, мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының оқушылары қатысты. 50-ге жуық қатысушы үш аталым бойынша бақ сынасты.

Аталған өнер-білім байқауына Серік Сағынтай, Эльмира Сайлауқызы сынды ақындар мен Жансая Жарылғап, Азат Бабашұлы, Саржан Такиров сынды сөздің жілігін шағып, майын ішкен ғалымдар төрелік етіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтады.

«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында I орынды №61 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрғасыр Изат, II орынды Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы Гауһар Бақытбек пен Қарқаралы ауданы, Қарағаш ауылындағы №28 негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Бақдәулет Марат, III орынды Нұра ауданы А.Асылбеков атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Назерке Ережепова, Шет ауданы Ақжал негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Әділет Жұмабек, Осакаров ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебінің 8-сынып оқушысы Айдана Бердібай иеленді.

«Жыр эстафетасы» аталымында I орынға №61 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ақшархат Эшкулова, II орынға Шет ауданы, Ортау негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы Айым Ғабдолла, Бұқар жырау ауданы Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Фариза Аханқызы, III орынға Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 10-сынып оқушысы Дана Өсерали, Саран қаласы №16 орта мектептің 9-сынып оқушысы Ақнұр Игенова, Теміртау қаласы №29 мектептің 9-сынып оқушысы Ақбота Уркенбекқызы лайық деп танылды.

«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» номинациясында I орынды Теміртау қаласы, №2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Шынар Бақтыбаева, II орынды Шахтинск қаласы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Әлихан Қайрат, Қарқаралы ауданы Ақтасты ауылындағы №32 орта мектептің 8-сынып оқушысы Санжар Қайыржан, III орынға «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8-сынып оқушысы Жанар Смағұл, «Озат» ақпараттық-технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 10-сынып оқушысы Жанерке Тілеубек, Қарағанды қаласы, №85 орта мектептің 11-сынып оқушысы Карина Мадияр ие болды.

Жүлдегерлерге сыйлық һәм диплом берілді. I орын алған оқушылар облыс намысын қорғау үшін республикалық кезеңге жолдама алды.

Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшілерінің және ұйымдастыруға ат- салысқан Қарағанды көлік-технологиялық колледжі мен Тәттімбет атындағы өнер колледжі ұжымының еңбегінің зор екенін атап өткен жөн.

Жәлел ШАЛҚАР.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button