Мәдениет және өнер қызметкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйақысын тағайындау жөніндегі конкурсын өткізу туралы ереже
Мәдениет және өнер қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсету және ынталандыру, әлеуметтік статусын және еңбектерінің маңыздылығын арттыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы сыйақысын тағайындау жөнінде конкурс өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға Қарағанды облысы аумағында қызметін іске асырып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлері шақырылады.
Қарағанды облысы әкімінің сыйақысы аталған критерийлерді есепке ала тағайындалады:
1) қоғамдық және кәсіби танымал болған облыстың мәдениеті мен өнерінің сақталуы мен даму ісіне маңызды жеке үлес қосуы.
2) кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруі;
3) қызметінде инновациялық формалар мен әдістер қолдануы;
4) тиісті кәсіби жоғары білімінің болуы;
5) мамандағы бойынша 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі.
Сыйақылар жыл сайын келесі номинациялар бойынша тағайындалады:
«Жыл әртісі» – 2 сыйлық
«Жылдың үздік эпизодтық рөлі»
«Жылдың үздік театр режиссері»
«Жылдың эстрада жанрының вокалисі»
«Жылдың классика жанрының вокалисі»
«Жылдың үздік инструменталисі» – 2 сыйлық
«Жылдың үздік жеке аспапта орындаушысы»
«Халық әнін үздік орындаушы»
«Жыл хореографы»
«Балет және хореографиялық ұжымының үздік әртісі»
«Көркемөнерпаздар ұжымының үздік жетекшісі»
«Демалыс уақытын үздік ұйымдастырушы»
«Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері»
«Ауылдың үздік кітапханашысы»
«Үздік кітапханашы»
«Үздік музей қызметкері»
«Алтын жолақ»
«Үздік айтыскер»
«Жылдың үздік суретшісі»
«Мамандығына адалдығы үшін»
Әкім сыйақысы қаражатының мөлшері облыстық бюджетте қарастырылған сома шеңберінде тағайындалады.
Сыйақы конкурсы негізінде Қарағанды облысы әкімінің сыйақысына лауреаттар таңдау комиссиясы ұсынымы бойынша тағайындалады.
Әкім сыйақысына үміткерлікке ұсыну қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, облыстық мәдениет және өнер ұйымдары, сонымен қатар шығармашылық одақтар, қорлар және қоғамдық ұйымдар тарапынан іске асырылады. Бір үміткер екі немесе одан аса номинацияға ұсыныла алмайды. Егер үміткер сыйақыны үш жыл бұрын алса, ол сол номинацияға қайта ұсынылуына рұқсат берілмейді.
Әкім сыйақысына ұсынылған үміткерлер 2 кезеңге бөлініп қарастырылады. Бірінші кезеңде – комиссия сый ақыға үміткерлерді конкурсқа қатысуға таңдайды, ал екінші кезеңде сыйақы тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Әкім сыйақысына иегер болған тұлғаларға «Қарағанды облысының сый ақысы лауреаты» құрметті дипломы табыс етіледі.
Комиссияға қарастыруға: қысқаша өмірбаяндық ақпарат, ұсынушы ұйымның ұсыным хаты, маңызды еңбектері көрсетілген мінездемесі, марапаттау дипломдары мен куәліктерінің көшірмелері, сюжеттік фотографиялары, 3х4 көлеміндегі электрондық нысандағы фотосурет, жеке куәлігінің көшірмесі, 20-сандық шот болған жағдайда банктен анықтама тапсырылады.
Қарағанды облысында жарияланған карантин жағдайына байланысты конкурсқа материалдар электрондық пошта бойынша қабылданады (temirova_g@bk.ru). Басшының қолы қойылған кандидатураның ұсыныс хаты сканерленген нұсқада, қалған құжаттар Word форматында жолдансын.
Конкурсқа материал қабылдаудың соңғы күні – 2020 жылдың 28 сәуірі.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Қарағанды облысы аумағында қызметін іске асырып жүрген мәдениет және өнер қызметкерлеріне тағайындалатын Қарағанды облысы әкімінің сыйақысы лауреатын таңдау бойынша комиссиясының жұмысшы органы – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына хабарласыңыздар (Бұқар жырау даңғылы, 32; 108, 204 каб., анықтама тел. 425112, 423006).