Жаңалықтар

Мұғалімдер өткізген сабақтарының есебін бермейді

Қашықтан оқыту барысында оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдысы қалыптастырылады. Яғни, пән мұғалімдері арнайы платформалар арқылы тапсырма беріп, видео-сабақтар жүктеп, кері байланыспен орындалған тапсырманы ғана алып отырады.

Осы орайда мектеп әкімшілігі де мұғалімдерден есеп талап ете алмайды.
– Мектеп басшылығы, яғни, директор, мейлі оның орынбасарлары болсын сабақтың өткізілуіне байланысты есеп талап етуге құқылы емес, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев.
Қашықтан оқытудың оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де тиімді тұсы мол тәрізді. Мұғалім бос уақытын білімін жетілдіруге пайдаланса, оқушылардың өздігінен жұмыс жасауға дағдыланумен қатар, әр түрлі көздерден ақпарат алуға, жан-жақты дамуларына мүмкіндіктері мол.
Ал, мұғалімнің де, оқушының да жұмыс нәтижесі жиынтық бағалау кезінде анықталады.

Басқа материалдар

Back to top button