Руханият

Ұлттық өреде ойлау Жеті атадан басталады

“Жеті атасын білген жеті жұрттың қамын жейді” деген аталы сөз бар.

Жеті ата:

 1. Бала,

 2. Әке.

 3. Ата,

4. Арғы ата,

5. Баба,

6. Түп ата,

7. Тек ата.

Жеті ұрпақ. Газет-журналдарда да, кітаптарда да жеті атаны көбіне былай бөліп келеді:

Қыздан тарған: қыз, жиен, жиеншар, көгеншар, дегеншар, жүрежат, туажат; Ұлдан тараған: бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жегжат, жұрағат.

Жеті атадан асқасын, жамағайын, қаймана, ағайын болып жалғасады. шешенің нағашысы түп нағашы; Әкенің нағашысы тек нағашы аталады.

Жеті атадан тараған ұрпақ жеті рулы елге айналатыны белгілі. Қазақы тәрбие көріп, бекзаттық пен тектілікті ту еткен азамат жеті ата мен жеті ұрпақтан тараған, өскен әулеттерді және руларды өзінің қандас туысы ретінде таниды.

Сонымен бірге белгілі дәрежеде туыстық жауапкершілікті арқалайды. Ал оған өз жұртын, нағашы жұртын және қайын жұртын қосыңыз. Тіптен, “Құда мың жылдық” деп құдаларды қоссаңыз, күллі тайпа мен халықтың жүгі – өз туысқаныңыздың жүгі болып шыға келеді.

Міне, нағыз ұлттық өреде ойлау деген осы! Ұлттық өреде ойлау туыстық сезімнен басталады. Руды әлде кімдердің өз жымысқы мүддесі үшін пайдалануы – саяси алаяақтық.

Мысалы, сіз 35 жаста болып, 3 балаңыз болса, әр баладан орта есеппен 3 баладан ұрпақ қалады деп есептесек және әр 35 жылды бір ата кететін дәуір деп есептесек, жетінші атаға барғанда қандас туыстың саны 6561 болады, сегізінші атада 19 618 адам болады екен. Егер әр адам орташа есеппен 4 баладан ұрпақ жалғайды деп есептесек, жетінші атаға барғанда 65 536, сегізінші атаға барғанда 262 144 туысыңыз болады. Бұл да қызықты мағлұмат.

 informburo.kz 

Басқа материалдар

Back to top button