Ұлттың ұлы мұраты

   Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ кезекті Жолдауында егемен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына бастар басты 10 міндетті тайға таңба басқандай атап көрсетті. Солардың бірі – еліміздегі білім беру жүйесін жаңа сапаға көтеру.

Елбасының білім саласына деген оң көзқарасының, сындарлы саясатының нәтижесінде, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі де жылдан-жылға қанатын кеңге жайып, дамудың даңғыл жолына түсуде. Материалдық-техникалық базасы нығайып, жыл сайын жаңа мамандықтар ашылуда, дуальді оқыту жүйесі қолға алынуда.

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мақсатын жүзеге асырып келе жатқан колледжіміздің «Физика», «Информатика» және «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандықтарының оқытушылары «InterPress» халықаралық тілдік орталығында ағылшын тілінен дәріс алып, арнайы сертификаттарға ие болды. Осының нәтижесінде, колледж облыстық үштілділікті дамыту жобасының құрамына енді.

Жолдаудағы тағы бір негізгі міндет – өскелең ұрпақты ғылыми-техникалық салаға бағыттау. Аталмыш саланың дамуын, сондай-ақ «Digital Kazakhstan – сандық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, облыстың білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен өткен жылы колледж республикалық «KazRoboSport – 2017» чемпионаты мен «KazRoboProject – 2017» робототехника бойынша ғылыми-техникалық жобалар байқауының облыстық іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Колледж студенттерінің Ақтөбе қаласында өткен «KazRobotics – 2017» халықаралық робототехника фестивалінде оза шауып, бәйге алуы, футбол ойынын ойнайтын роботтарды ойлап табуы – елімізде кенже дамып келе жатқан осы саладағы тың жетістіктер екені сөзсіз.

Ұлттың ұлы мұраттары арқау болған Жолдаудағы өзекті мәселелерге қолдау білдіріп, оны орындау үшін жұмыла жұмыс атқару – әрбір қазақстандықтың міндеті.

Ілияс МҰҚАЕВ,

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің

оқытушысы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.