АймақҚарағанды

Ұлттық ұлан бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлады

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланның 6505 әскери бөлімінде кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Суреттер ұйымдастырушылардан

Шараның басты мақсаты – балаларға шаттық сыйлау, олардың патриоттық рухын ояту және әскер өмірімен таныстыру болды. Мерекелік атмосфераны ерекше аниматорлар қыздырып, түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырды. Балалар ертегі кейіпкерлерімен билеп, қызықты флешмобтарға қатысып, мәз-мейрам болды. Түрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары мен көңілді бағдарламалар мерекенің көркін аша түсті.

Іс-шара барысында әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылды. Кішкентай қонақтар мен олардың ата-аналары арнайы дайындалған экспозиция арқылы әскери техниканың түр-түрін тамашалап, әскери қызметшілерден олардың қолданылуы туралы толыққанды ақпарат алды. Бронетехника, қару-жарақ түрлері мен арнайы жабдықтар балалардың үлкен қызығушылығын тудырды. Көптеген бала әскерилерге сұрақ қойып, техникаға отырып көрді.

Іс-шараға қатысқан ата-аналар мен қонақтар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, мұндай мерекелердің балғындардың санасында жағымды із қалдыратынын атап өтті.

6505 әскери бөлімінің жеке құрамы үшін бұл күн – тек мереке ғана емес, болашақ ұрпақтың рухани тәрбиесіне қосқан үлес болды. Шара жоғары деңгейде өтті және көпшіліктің көңілінен шықты.

Балалар – біздің болашағымыз, ал олардың күлкісі – бейбіт күннің белгісі

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button