Жаңалықтар

Ұлттық ұлан айбарымыз

    Бейсенбі күні еліміздің Ұлттық ұланы күніне арналған салтанатты жиын Қарағандыда алғаш рет ұйымдастырылды. Ұлттық гвардияның ең ірі бірлестігі болып танылған «Орталық» аймақтық қолбасшылығының ұжымы кәсіби мерекені лайықты атап өтті.

Салтанатты шараға құқық қорғау органдары, қала жұртшылығы, әскери ардагерлер, Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің жеке құрамы, әскери қызметкерлердің отбасылары қатысты.

Кеншілер мәдениет сарайында мұрағаттық фотолар мен көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Ұлттық гвардияның және «Орталық» аймақтық қол­басшылығы әскери бөлімдерінің қызметтік-жауынгерлік тарихын баяндайтын кітаптар, журналдар және деректі фильмдер ұсынылды. Ұлттық гвардияның қалыптасып, дамуына үлкен үлес қосқан ардагерлер, сонымен қатар, жоғарғы буынның дәстүрлерін жалғастырушы үздік әскери­лерді Қарағанды облысы әкі­мінің орынбасары Анатолий Шкарупа аймақ басшысы аты­нан марапаттады.

«Орталық» Өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақанов салтанатты шараға қатысушыларды құттықтады. Ширек ғасыр бойы тек алғы шептен көрініп жүрген ішкі әскердің, қазіргі таңдағы ұлттық гвардияның қызметіне тоқталды.

Мерекелік кеште қалалық би ансамбльдері мен вокалдық ұжымдар өнер көрсетті.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button