Жаңалықтар

Ұлттар татулығы – клуб жұмысының тақырыбы

   Сейсенбі күні «Дос­тық үйінде» өткен жиында Қарағанды облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар клубы жұмысын бастайтындығы мәлім болды. Аталған клуб тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-сараптамалық және ақпараттық органға айналмақ.

Іс-шараны Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Құсайын жүргізді.

Клуб құрамына облыстық «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Е.Мұсабеков пен басылымның Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалалары, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарындағы меншікті тілшісі А.Құрмансейітов, «ekaraganda.kz» ақпараттық порталының директоры С.Забурдяев пен тілшісі К.Безкоровайная, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Р.Тұрсынғалиев, «Saryarka» телеарнасының редакторы Ә.Жампейісов, «1-ші Қарағанды» телеарнасы директорының орынбасары А.Иса, «5 канал» телекомпаниясының редакторы Ә.Сәбитова, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі С.Свич, «qasym.kz» ақпараттық-танымдық порталының Бас редакторы Н.Қалқаманұлы, «Достық аймағы» журналының Бас редакторы Н.Красникова, «Граждане Казахстана» ҚБ-нің жобалар жетекшісі Д.Полтаренко, «Арқа ақшамы» газетінің Бас редакторы Ж.Жаңқашұлы, Балқаш қалалық «Балқаш өңірі» газетінің Бас редакторы З.Жұматова, Нұра аудандық «Нұра» газетінің Бас редакторы Т.Пішенбаева, Қарқаралы аудандық «Қарқаралы» газетінің Бас редакторы Р.Смағұлов, Жезқазған қалалық «Жезказганский вестник» газетінің тілшісі С.Христофориди және блогер Н.Сүндетәлиев енді.

Алқалы отырыста Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы этносаралық қатынастар мәселелері жөнінде журналистер мен сарапшылар клубы туралы ереже қаралып, ұсыныстар ортаға салынды.

Сонымен қатар, «Граждане Казахстана» ҚБ-нің жобалар жетекшісі Д.Полтаренко 16-17 қараша күні Алматы қаласында өткен «Сананың ашықтығы» атты III Халықаралық медиа форумның жұмысы туралы ақпаратпен бөлісті. Және жиынға қатысушылар осы форум аясында республикалық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы еңбек ұжымдарының қосқан үлесіне арналған ақпараттық материалдар» номинациясы бойынша жеңіске жеткен облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Светлана Свичті құттықтады.

Келелі кездесуде бірталай ұсыныстар айтылды. Бұл іс-шара Қарағанды аймағы үшін өте маңызды болып табылады. Себебі, облыста түрлі ұлт өкілдері тұрғандықтан, этносаралық, конфессияаралық келісімді, азаматтық бірлікті, патриотизмді және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға ықпал жасау өте маңызды болып табылады. Журналистер клубы осы мәселенің өркендеуіне ықпал жасамақ. Кездесу барысында клубтың төрағалығына «Орталық Қазақстан» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары Ерсін Мұсабеков сайланды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button