Руханият

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қашан өтетіні белгілі болды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кейінге шегерілген болатын. Енді Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазанда тойланбақ. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлының туған өлкесінде өтеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz.

 

Биыл 3-5 қыркүйекке жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген еді. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді.

Қостанай облысы Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазанда атап өтілмек. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылдарында өтеді.

Бағдарлама бойынша Сарытүбек қонысында Ахмет Байтұрсынұлының кесенесіне тағзым жасалып, музей-үй ашылып, ас беріледі. Торғай ауылында спорттық шаралар (қазақ күресі, ат жарысы), ескерткіштің ашылуы, реэкспозициядан кейінгі А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің тұсаукесері, ғылыми-практикалық конференция жоспарланған.

Еске сала кетейік, Қостанайдағы алапат өрт кезінде өңірге жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты пікір білдірген еді. Мемлекет басшысы өртке байланысты жағдай тұрақталып, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілген соң ,Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы алдағы уақытта тойланатынын атап өткен болатын. 

“Орталық Қазақстан” газетінің Инстаграм парақшасынан да оқыңыз: “Орталық Қазақстан” газеті (@ortalyq.kz) • Фото и видео в Instagram

 

Басқа материалдар

Back to top button