Ресми

Әлішер Әбдіқадыров: «Егер экономиканы ғана құтқарсақ, адамдардан айырылып қалуымыз мүмкін»

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров карантин кезеңіндегі билік жұмысы туралы әңгімеледі. Ол «Уақыт.kz» бағдарламасының эфирінде төтенше жағдай режимі тоқтатылған соң барлығымызды не күтетіні және облыс әкімшілігінің алдында қандай міндеттер тұратыны туралы сұхбат берді.

– Карантин жағдайында өңір қалай жұмыс істейді және ол қаншалықты өмірге бейімді болады?
– Мен бүгін адамзат керемет нәрсеге тап болғанын айтқым келеді. Көптеген факторлар бір жерде тоғысып отыр. Мұндай індетке халық дайын емес еді. Бірнеше табысты кейстер бар – Қытай, Корея, Сингапур. Біз мұның бәрін зерттейміз. Басты шара – өзін-өзі оқшаулау. Бұл – өте маңызды. Әрине, барлығымыз ыңғайсыздықты бастан кешіп жатқанымыз түсінікті. Бірақ бұл Италия, Испания, АҚШ-та орын алып жатқан жайттарға қарағанда әлдеқайда жақсы. Мен әр түрлі зерттеулер туралы оқыдым және бұл елдер эпидемияға қарсы тұру тұрғысынан өте дамыған деп саналды. Бірақ өмір керісінше көрсетіп жатыр, себебі билік уақытында әрекет етпеді. Бізде ТЖ режимі уақытында енгізілді. Бұл жалпы ел бойынша жағдайды бақылауға алуға мүмкіндік берді. Қазір бізде жаңа жұқпалы аурулардың пайда болу қарқыны төмендеуде. Алдымен шекаралар мен әуежайлар бақылауға алынды, содан кейін ел ішінде жұқтырғандарды іздеуге кірісті. Біз қазір қажетті кәсіпорындарды ғана қалдырамыз. Бұл қаланың өмір сүруі үшін жұмыс істейтін барлық қызметтер. Кәріз жүйесі жұмыс істеуі үшін, жарық жанып тұруы үшін. Үздіксіз циклмен жұмыс істейтін өнеркәсіптер, азық-түлік дүкендері, дәрігерлер, полиция.
Біз Қазақстанда еш жерде жоқ әрекеттерден не істедік – біз бес қала үшін бірыңғай карантиндік аймақ құрдық. Олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бастапқыда бір ғана Қарағандыны бұғаттау қарастырылған болатын. Бірақ олай жасау адамдардың бір қалада тұрып, басқа қалада жұмыс істеуіне байланысты көші-қон қарқынды болғандықтан мүмкін емес.

– Қазіргі уақытта билік өкілдерінің негізгі міндеті қандай?
– Қазір негізгі міндет – шектеу шараларын қаланың тыныс-тіршілігіне барынша аз әсер ететіндей етіп жасау. Біз түрлі IT-шешімдерді қолданамыз. Алғашқы күндері проблемалар болғаны түсінікті, бірақ қазір бәрі қалпына келтірілуде. Біз штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ете бастадық. Бірнеше күн ішінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша шұғыл әрекет ету орталығы ашылды, онда ТЖ, СЭҚ, әскери, денсаулық сақтау қызметтері қосылған. Адамдар оларды не күтіп тұрғанын білу үшін халықты дұрыс ақпараттандыру өте маңызды. Біз телеграмм-арна құрдық, ақпараттық графика жасаймыз, сұрақ-жауап дайындаудамыз. Call-орталық үздіксіз қызмет ету үшін жұмыс жасаудамыз. Себебі мезгілде 30 мыңға жуық қоңырау тіркелген кездер де болды. Біз адамдар желіде күтпеуі үшін әрекет етудеміз. Барлық ақпараттық арналарды пайдалануға тырысамыз. Азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу бойынша жұмыс істейтін әртүрлі топтар бар. Еріктілерді жұмылдырудамыз. Барлығы өркениетті болу үшін банкирлермен және «Қазпоштамен» тығыз жұмыс істейміз. Тағы бір маңызды мәселе: кеше Халық банкінің банкоматтары күніне бірнеше рет қолма-қол ақшамен толтырылды. Шамасы, адамдар банкоматтар жүйесі жұмыс істемейді деп қорыққан болар. Бірақ мен осындай үрейге еш негіз жоқ деп үлкен жауапкершілікпен мәлімдеймін.

– Көптеген компаниялар қашықтан жұмыс режиміне көшті. Бірақ барлық кәсіп түрлері қашықтан жұмыс істей алмайды. Мысалы автобустардың жүргізушілері, кондукторлар. Нәтижесінде адамдар өмір сүруге қаражатсыз қалып қоймайды ма?
– Қазір шешімдер тез қабылдануда. Мемлекеттік органдар үшін мұндай серпін қажет болды. Мемлекеттік аппарат түбегейлі өзгереді. Мемлекет басшысы бірнеше рет арнайы мәлімдеме жасады. Қазір халықты, бизнесті қолдауға айтарлықтай қаражат бөлінуде. Біз адамдар мәжбүрлі демалыста болатынын жақсы түсінеміз. Және 42 500 төлем тетігі де жұмыс істей бастады. Адамдар ол қаражатты ала бастады. Бұған дейін айтып өткенімдей, көптеген адамдар, оның ішінде зейнеткерлер көмекпен қамтылатын болады. Біз оларда далаға шығу қажеттілігі туындамас үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаудамыз.

– Қазір көптеген кәсіпкерлер өз кәсіпорындарын жабуға мәжбүр болды. Интернет-платформа ұсынылатыны түсінікті. Бірақ сарапшылар бұл сала бізде дамымаған дейді. Пандемия аяқталғаннан кейін бизнесмендер өз капиталынсыз қалып қоймайды ма?

– Бізде интернет жеткілікті дамыған. Дегенмен басқа мәселе, интернет-сауда жеткілікті сұранысқа ие еместігінде. Бірақ біз бұған біртіндеп қадам басып келеміз және қазіргі жағдай бұл процестерді тездетеді. Мысалы, Қытайда індет аяқталғаннан кейін де кинотеатрларға бару өте төмендеген. Бұл экономиканың барлық ландшафтын өзгертеді. Барлығы стримингтік сервистерге көшуде. Бізде де солай болады. Қарағандыда IT-қоғамдастық өте дамыған. Біз онлайн сатып алуға болатын көптеген дүкендер жинақталған агрегаторды іске қостық. Әзірге тек азық-түлік жеткізу қарастырылған. Егер азық-түлік емес платформалар ашылса, адамдар қоймаларға баруға мәжбүр болады. Ал бізге әзірше үйде отыру керек.

– ТЖ доғарылғаннан кейін ел қандай экономикалық жағдайда болады деп ойлайсыз?
– Кез келген дағдарыс – бұл мүмкіндік. Қазір бірнеше жылдарды қажет ететін жоспарлар орындалуда, ал қазір олар бір апта ішінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл өз кезегінде ұйымдардың тиімділігі мен өміршеңдігін арттыратын үдерістер, олар үлкен жылдамдыққа ие болады. Мен шектеу шаралары мен олардың экономика мен бизнеске теріс әсері арасындағы тепе-теңдікті табуды алдыма қойып отырған міндетім ретінде көремін. Бірінші кезекте адамдарды құтқару қажет. Егер біз тек экономиканы құтқаратын болсақ, біз адамдарды құтқара алмаймыз. Егер біз адамдарды құтқаратын болсақ, мұның бәрі өткен кезде, біз экономиканы тезірек қалпына келтіре аламыз.

Басқа материалдар

Back to top button