АймақБас тақырыпРесми

«БҰҰ-әйелдер» делегациясы және еуропалық дипломаттар облысқа жұмыс сапарымен келді

Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бастаған делегация Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация құрамында еуропалық елдердің дипломаттары болды.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қонақтармен кездесуде әйелдердің құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар туралы айтты. Оның сөзінше, өңірде 13 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар мыңнан астам адамға екі мыңнан астам қызмет көрсеткен.

Кездесуде психологиялық және заң көмегі, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қолдау тетіктері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Саранго Раднарагча Қарағанды облысындағы тәжірибеге оң баға беріп, БҰҰ құрылымдары Қазақстанмен түрлі бағытта ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті. Делегация екі күн ішінде әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаумен айналысатын бірқатар орталықтарды аралайды.

Кездесуге сондай-ақ Салли Аксворти, Сильван Гиоге және Джорджио Помпилио қатысты.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button