Жаңалықтар

Әлеумет үшін қолайлы әріптестік

    Облыстық прокуратурада Елбасы тапсырмаларын орындау аясында және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын жетілдіру мақсатында Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы және облыстық прокуратура арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шара құқықтық мәселелер­ді шоғырландыру жөнінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған мәселелерді орындау мақсатында Қарағанды қаласындағы құқық қорғау қызметі орталығының ашылуы қарсаңында өтті.

Бұрын азаматтар қажетті ке­ңестерді алу үшін мемлекеттік ор­гандарда ұзынсонар кезекте тұруға мәжбүр болса, енді атал­ған орталықтың ашылуы күн тәртібіндегі өзекті мәселенің оң шешімін табуына мүмкіндік туғызады.

«Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс жасайтын орталықта ІІД, экономикалық қылмыстар қызметі, пробация қызметі, сот актілерін орындау департаментінің қызметкерлері қабылдау жүргізеді. Сонымен қатар, бұл жерде адвокаттардан, медиаторлардан, прокурорлардан кеңес алуға болады. Барлық кеңестер тегін жүргізіледі.

Алқалы жиынға облыс прокуроры М.Сексембаев, Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының басшысы Е.Құсайын, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары және медиаторлар қатысты.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз

қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button