Ленин шахтасында төтенше жағдай орын алды
Бүгін, Ленин шахтасының D6 орталық конвейер көлбеуінде көмірқышқыл газы деңгейінің жоғарылауы тіркеліп, 70 адам эвакуацияланды. Әзірге зардап шеккендер жоқ.
Qarmet баспасөз қызметінің хабарлауынша, автоматты датчиктермен желдету жүйелерін тексеру бойынша жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде 54-ші пикет ауданындағы Д6 170 м горизонт орталық конвейерлік еңісте көмірқышқыл газының деңгейінің жоғарылауы тіркелген. Осының салдарынан жөндеу жұмыстарына тартылған кеншілер бригадасын эвакуациялау жоспары дереу енгізіліп, қабылданған шұғыл шаралар нәтижесінде 70 шахта қызметкері қауіпсіз жерге шығарылған. Кеншілер арасында зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында Qarmet басшылығы, авариялық-құтқару қызметі, ТЖД мамандары жұмыс жүргізуде.
Мұндай жұмыстар кен орнында 2017-ші жылдан бері жүргізілмеген. Аталған сынақтар тау-кен жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік жүйелері мен еңбек жағдайларының аудиті бойынша ауқымды жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz