Спорт

Әлем жұртының назарында

    Геннадий ГОЛОВКИН – Сауль «Канело» АЛЬВАРЕС жекпе-жегі әлемнің 130-ға жуық мемлекетінде көрсетіледі. Бұл туралы жерлесіміздің промоутері Том ЛЕФФЛЕР мәлімдеді.

«Канело» – Геннадийдің бұған дейінгі қарсыластарының барлы­ғынан мықты. Біз ойлағанымыздай, жеңіске жетсек, Генаның жанкүйерлерінің қатары көбейе түсері сөзсіз. Кездесуге жұрттың қызығушылығы ерен. Билеттер үш аптада толық сатылып бітті. Мұның сыртында теледидардан тамашалайтындар санын қосыңыз. Жекпе-жек дүние жүзінің 120-130 елінде таратылады, – дейді Том Леффлер.

Естеріңізде болса, кездесу 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button