Спорт
Әлем чемпионатының алғашқы күні сәтті басталды
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы күнін Ұлттық құрама боксшылары сәтті бастады. Бірінші болып шаршы алаңға көтерілген Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай қарсыластарын жеңді.
Жерлесіміз Талғат Сырымбетов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде тай боксшысы Сакдой Руамтхамды жеңді. Ал, астаналық Айбек Оралбай 92 келіге дейінгі салмақта Болгария боксшысы Радослав Панталеевтен айласын асырды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz