Жаңалықтар

Лебіздер

Ақселеу СЕЙДІМБЕК, жазушы, ғалым:

«Сыртынан сұрап білсем, Шаншардың қуы»

«Облыстық газетте істеп жүргенімде маған Бүкілодақтық екпінді құрылыс туралы апта сайын бет бересің» деп тапсырма берді. Жастықтың буы болар, өзімше бұл тақырыпты қалпақпен ұрып аламын деп келсем, қайда?!. «Магниткаң қайсы?» десем, «Анау» дейді. Жатқан бір қала. Айға келіп түскендей болдым. Ол кезде өзімнің орысшам да шамалы. Теміртауда екі пайыз ғана қазақ тұрады. Сосын біреулерден сұрадым: «Әй осының қуыс-қуысын, ананың-мынаның не екенін маған түсіндіріп айтып беретін бір қазақ жігіті бар ма?» деп. «Бар, Тілеукенге барыңыз» деп жол сілтеп жіберді. Сыртынан сұрап білсем, шаншардың қуы. Келдім, таныстық. Содан менің көзімді ашты. «Мынау домна пеші деген болады, мұның биіктігі 48 метр…» деп бастап, күллі комбинаттың жүйе-жүйесін қолымнан жетелеп жүріп, бүге-шігесіне дейін тәптіштеп түсіндірді.

2002 ж.

Ілия ЖАҚАНОВ, композитор:

«Жүрегімнің пернесін жайлап басты»

«…Біздің Теміртауды кезінде екі атақты композитор әнге арқау етті. Бақытжан Байқадамов «Қазақстан Магниткасы жастарының маршын» дүбірлетсе, Сыдық Мұхамеджанов «Жарқырайды Теміртаудың от­та­ры» әнін жалындатты. Ол әндер бүгіндері оқта-текте бір концерт­терде, не радиода орындала қалса, Теміртаудың сол кездегі тынысы көз алдымызға келіп, өткен өмірімізді елестетіп, кәдімгідей желпініп, кө­те­ріліп қаламыз. Өмір… тарих өз бел­гісін әндерде де қалдыра береді екен…
…Тілеукен осы сөзімен жүрегімнің пернесін жайлап қана басқандай бол­ды…»

2001 ж.

Нұрзия ӘБДІКӘРІМҚЫЗЫ,
ҚарМИУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты:

«Жаратқанның өзі сыйға тартқандай»

«…Болат балқытып, құрыш қайнатып, ойы да, рухы да, тілі де, ділі де шыңдалған бүкіл бір буынның шымыр тарихының куәсі боласыз. Осы игілік үшін мансабым өссін деп емес, халыққа, өскелең ұрпаққа, болашаққа пайдам тисін деген өмірлік кредо ұстанған, көзі қарақты, сөзі жарақты, талғамы биік, жылт еткен жаңалықпен жақсылықтан сұлулықты суыртпақтап, әр істен биіктікті, мәрттікті, адамгершілікті тани білетін парасатты, ойы ұшқыр, сөзге шебер «Өрім жылдар» авторы Тілеукен ағамызды Жауыртаудың жотасына Жаратқанның өзі сыйға тартқандай…»

2014 ж.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button