Жаңалықтар

ЛАТЫН ҚАРПІ: дамудың жаңа сатысы

    Ұлт Көшбасшысы жуырда ғана отандас ғалымдарымыз, филологтарымыз, лингвистеріміз, мамандарымыз жасап шығарған қазақ әліпбиінің латын графикасындағы нұсқасын мақұлдаған болатын. Бұл ретте айта кетерлік бір жайт бар. Ол – латын қарпінің қолданысы бойынша әлемде алдыңғы орында тұрғандығы. Сондықтан, заманауи әлем – латын әліпбиінің әлемі деп нық сеніммен айтуға болады.

Осыған орай, 2012 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 12-ші сессиясында қазақ әліпбиін латын графикасына ауыстыру туралы ой тастаған еді. Бұдан кейін «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Елбасымыз 2025 жылдан бастап толық латын графикасына өту қажеттілігін тілге тиек етті.

Тарих тәжірибесіне сүйенсек, әлібидің жаңартылуы қолданыстағы өзге тілдердің беделін кемсітпейді. Олар – бәз-баяғы қалпында қалмақ. Әлемдік тарихта әліпбиді ауыстыру оқиғалары аз кездеспейді. Көптеген еуропалық әліпбилер жаңартылды. Баршаға белгілі сондай оқиға Түркия елінде орын алған еді. Мұстафа Кемал Ататүрктің бастамасымен түрік халқы араб қарпінен латын қарпіне ауысты. Өткен ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары КСРО-дағы 72 тілдің 50-і латын графикасына көшірілді.

Бүгінгі күні мемлекеттік тілге жаңарту жүргізіп, әліпбиін ауыстыру – ауадай қажет. Бұл қазақ тілінің қарым-қатынас құралы болып қана қалмай, оның бар мүмкіншілігін аша түсуіне септігін тигізеді. Латын қарпі мемлекеттік тілдің Қазақстан халқын рухани жаңғыртатын аса күшті факторына айналуы тиіс. Сөйте тұрып, ол Қазақстан біртектілігін бекіте түседі.

Сондықтан, қолданысымыздағы әліпбиді латын қарпіне ауыстыру мәселесі қазақстандық қоғамның жалпыхалықтық қызу қолдауына ие болды. Заманауи ақпарттық-технологиялық кеңістікте латын қарпі жаһандық әрі сындарлы құралға айналып отыр. Бұл графика – ешкімді де бір-бірінен алшақтатпайды. Керісінше, қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.  Ең бастысы, латын қарпі халықаралық ғылыми-техника тілін бейімдеп, қазақ сөздігіне енгізуге жол ашады.

Дәулет АХМЕТЖАНОВ,

тарих ғылымдарының

магистрі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button