Жаңалықтар

Ұлағат ұясы

    Өткен жылдан – тағы бір тәбәрік. Желтоқсан айының соңында «Қарағанды облысының ұлағатты ұстаздары» энциклопедиясы жарық көрді.

Басылым Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыстағы білім ошақтарына сапарынан сыр шертеді. Аймағымыздағы білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы – өткен ғасырдың 30-ыншы жылдарындағы мектептер мен қазіргі білім ошақтарының келбеті де көрініс тапқан. Ұлтымыздың ұлағатты ұстаздары мен облысымызға еңбегі сіңген педагогтардың, талантты жас ұстаздардың есімдері мен еңбектері қамтылған.

Жаңа энциклопедия – шын мәнінде құнды қазына. Себебі, ұстаз шексіз құрметке лайықты. Абайдан асырып айта алмаспыз – «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады».

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button