Жаңалықтар

КУБОК АУЫЛДА ҚАЛДЫ

«Nova-Цинк» кәсіпорны спорт­тың ойын түрлеріне барынша кө­ңіл аударып келеді. Міне, қатарынан үшінші жыл бойы осы спорт түрінен кәсіпорын кубогы үшін ерлер арасында ашық турнир өткізілді. Оған барлығы он бір команда қатысты.

Тартысты ойындардан кейін үшінші орынға Өзбекстанның «Ә.Ермеков» командасы ие болып, 100 мың теңгемен марапатталды. Екінші орынға теміртаулықтар көтерілді. Олар 200 мың теңгенің сертификатына ие болды. Ал, бірінші орынға алаң иелері – ақжалдықтар көтеріліп, жеңімпаздарға арнайы кубок пен 300 мың теңге тапсырылды.

Үздік ойыншылар болып танылған теміртаулық Д.Қанжығалинов, ақтоғайлық А.Жақыпов, өзбекстандық Б.Юлдашев бағалы сыйлықтарға ие болды.

Төрехан МАЙБАС

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button