Коронавирус

Коронавирустан қайтыс болған қарағандылықтың жақын туысынан COVID-19 анықталды

Бүгін Қарағанды облысында коронавирустан қайтыс болған азаматтың 41 жастағы жақын туысынан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

“Біздің облысымызда коронавирус жұқтырған он бесінші науқас тіркелді. Ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болған азаматтың жақын туысы. Қазіргі таңда байланыста болған азаматтар анықталып, инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемиологиялық тексеру басталды. Марқұммен және вирус жұқтырған азаматпен қарым-қатынаста болған тұлғалар іздестіріліп, ауруханаға жатқызылуда”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды дене қызуы көтеріліп, жедел респираторлық сырқат белгілері байқалған жағдайда өз бетінше емделмей, бірден дәрігерге хабарласуға шақырады. Бұл ең алдымен өз денсаулығыңыз және жақындарыңыздың амандығы үшін қажет. 

Басқа материалдар

Back to top button