Ресми

Композиторлар одағына қабылданды

Талғамы биік қазақтың тыңдарманына «Сарыарқа», «Қарағанды вальсі» әндерімен танылған композитор Есжан Әміров Қазақстан Композиторлар одағына қабылданды.

Сурет: Е.Әміровтың youtube каналынан

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есжан Әміров – 100-ге жуық әннің авторы. Әндері қазақ радиосының алтын қорында сақталған. Халқының құрметіне бөленген Нұрлан Өнербаев, Гүлмира Сарина, Досымжан Таңатаров сынды әншілер композитор Есжанның туындыларын өз репертуарына алған.

2022 жылы «Өзіммен сырласу» деп аталған ән кеші өтті. Есті әндерге шөлдеген халық Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайына сыймаған еді. Сол кеште атақ, даңққа құмартпаған, көл-көсір мақтауды, дабыраны жақтырмайтын байсалды талант иесіне деген халықтың ықыласы байқалған. Сазгер тыңдарманын емес, тыңдарман сазгерін іздейді. Сонда сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев «Есжанның әндері тапсырмамен жазылмайды. Науқанға да ілеспейтін арлы сазгерлердің қатарында. Әндерінен жүрегінің үні естіледі» деп еді.

«Елге өзіңнен ертерек жетті өлеңің…». Бұл ақын Жарасқан Әб­ді­раштың «Кенже бала» деген өлеңінен алынған тіркес. Қарашаңырақтан бала кезінде кеткен ақынның өлеңді тұғыр еткен даңқы туған өлкесіне өзінен бұрын жетті. Бұл – шын таланттардың ғана маңдайына жазылатын тағдыр тармағы болса керек. Сыйлық пен атақтан халқының ықыласы бұрын жеткен таланттар бар ел арасында. Солардың бірі осы – Есжан Әміров.

Есжан Әміров 1960 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында өмір есігін ашқан. 1983 жылы Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтын «Му­зыкалық білім» мамандығы және Қа­зақ мемлекеттік Заң Академиясын «Құ­қық­тану» мамандығы бойынша бітірген.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button