Ресми

Ұлттық құндылықтар ұлықталсын

«Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы атқарыл­ған жұмыстарға тоқталды және сұрақтарға ашық жауап бер­ді.

Сондай-ақ, Президент алдағы уақытта жүргізілетін келелі өзгерістерді айта келіп,  «…Еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал аза­матқа тән қасиеттер мен құндылықтар. Халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз», – деді.

Біздің келешегіміз елдің ертеңі болар – жас ұрпақтың тәрбиесі мен білімді болуы адамзаттың, жалпы сізбен біздің мәңгілік тақырыбымыз болуы керек деп ойлаймын. 

Мемлекет басшысының нұсқауымен бүгінгі күні еліміздің барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Респуб­ликасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға  негізделген іс-шара жоспары жүйелі жұмыс жасауда. 

Бұл бағдарламаның мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу болып табылады. 

Мемлекет басшысының  сүбелі сұхбатының өзегі де жалпыұлттық құндылықтарды қалыптастыру арқылы өскелең жас ұрпақты ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін білуге, мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеу­ге, татулық, келісім, ынтымақ, еңбексүйгіштікке және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу арқылы озық ойлы ұлт болуымызды меңзейді.

Есжан ӘМІРОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button