Жаңалықтар

Коллекторлық агенттіктер қызметінің құқықтық негіздері

2017 жылғы 2 маусымда «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енді.

Заңда коллекторлық агенттіктердің борышкерлермен өзара іс-қимыл жасау тәсілдерінің тізбесі айқын анықталған.

Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен:

1) телефон арқылы сөйлесулер;

2) жеке кездесулер;

3) жеке тұлғаға – борышкерге тұрғылықты жері (заңды мекен-жайы) бойынша, заңды тұлғаға – борышкерге тұрған жері (нақты мекен-жайы) бойынша жіберілетін жазбаша (пошталық) хабарламалар;

4) ұялы байланыс бойынша мәтіндік, дыбыстық және өзге де хабарлар жолымен;

5) Интернет желісі арқылы өзара іс-қимыл жасасуға құқылы.

Коллекторлық агенттіктің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғамен өзара іс-қимылы:

1) бастапқы байланыс кезінде:

  • коллекторлық агенттіктің атауы және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі есептік тіркеу нөмірі;
  • коллекторлық агенттіктің тұрған жері;
  • борышкермен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
  • кредитордың атауы;
  • кредитордың берешекті коллекторлық агенттікке жұмысқа бергені;
  • банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген берешектің құрылымы, негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы;
  • борышкердің банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігі мен өзге де міндеттемелері, сондай-ақ, банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың салдарлары туралы хабармен жүзеге асырылуға тиіс.

2) егер борышкер коллекторлық агенттікке жеке жүгінген кезде осы тармақшада көрсетілген уақыт кезеңі шегінде коллекторлық агенттік ұсынғаннан өзгеше өзара іс-қимыл жасасу кезеңін айқындамаса, борышкердің тұрғылықты жерінің не тұрған жерінің не борышкердің тіркелген жерінің уақыты бойынша жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде;

3) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша борышкердің тұрғылықты жері немесе тұрған жері немесе тіркелген жері бойынша немесе коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында жеке қарым-қатынас кезінде аптасына үш реттен асырмай және жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі кезеңде бір реттен асырмай;

4) коллекторлық агенттіктің бастамасы бойынша телефонмен сөйлесу арқылы жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейінгі уақыт кезеңінде үш реттен асырмай;

5) борышкердің талап етуі бойынша, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, коллекторлық агенттіктің берешекке қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерін растайтын ақпарат пен құжаттардың көшірмесін бере отырып;

6) өзара іс-қимыл процесін коллекторлық агенттіктің (филиалдың, өкілдіктің) тұрған жеріндегі үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен тіркей отырып;

7) кредитордан, борышкерден және (немесе) оның өкілінен және (немесе) үшінші тұлғалардан алынған құжаттар мен ақпараттың, оның ішінде банк құпиясының, микрокредит беру құпиясының, коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияның, борышкердің және (немесе) оның өкілінің және (немесе) үшінші тұлғалардың дербес деректерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылуға тиіс.

Ескертпе. Жұмыс күндері деп демалыс немесе мереке күндері (ұлттық және мемлекеттік мерекелер) болып табылмайтын, дүйсенбі мен жұма аралығындағы апта күндері түсініледі.

Берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызметтерді көрсету мерзімі алты айдан кем болмауға және бес жылдан аспауға тиіс.

Берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде коллекторлық агенттікке берілген берешек басқа коллекторлық агенттікке беріле алмайды.

Берешегі тұрғынжай түріндегі кепілмен қамтамасыз етілген борышкерге – жеке тұлғаға қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Анна Ридель,

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

 Қарағанды филиалының қаржылық ұйымдарды  бақылау

және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын

қорғау бөлімінің бастығы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button