Жаңалықтар

Кітап – рухани қазына

Кітап – рухани қазына. Сол қазынамызды оқи отырып білімді, білікті, сабырлы болуға үйренеміз. Кітап оқыған адам терең ойымен, ақыл-парасатымен алға қойған мақсат-мұраттарына қол жеткізе алады. Кітап біздің рухани дамуымызға әсер етеді. Жақсы кітап жан дүниемізді нұрландырып, жүрегімізді айнадай жарқыратады. Осы орайда, жыл сайын біздің аймақта дәстүрлі «Бір аймақ – бір кітап» акциясы өз жалғасын тауып келеді.
Акция мақсаты – қоғам назарын кітап оқуға аудару, оқырман мәдениетін дамыту және қолдау.
№5 жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында көптеген шығармаларды оқу ұсынылды. Мәселен, 2-4 сынып оқушыларына – қазақ ертегілерін, 5-7 сынып оқушыларына – Қасым Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесін, 8-9 сынып оқушыларына – Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесін, 10-11 сынып оқушыларына Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романын оқу ұсынылды.
Сондай-ақ, акция аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2 сынып оқушылары арасында өздерінің сүйікті ертегілері желісінде сурет сайысы өткізілді. Ал, 3 сынып оқушылары «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Қасқыр мен түлкі», «Қазақ ертегілері» атты буклеттер мен кітапшалар жасады. 4 «А» сыныбының оқушылары – «Қадірдің бақыты», 4 «Ә» сынып оқушылары «Алдар Көсе мен Шығайбай» ертегілерін сахналады.

Көптілеу МАХАШОВА,
№5 орта мектептің кітапхана меңгерушісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button