Қарағанды

КІСІ ӨЛГЕНІН КҮТЕМІЗ БЕ?

   Қарағанды қаласының Ермеков және Ержанов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы жиі орын алады. Жиі дейміз-ау, бір күнде пәленбай көліктің сүзісіп тұрғанын көріп жүрміз.

   Мына сурет кеше ғана түсірілді. Оқиға орнында. Алдыңғы күні де, оның алдында да осындай фактілердің куәгері болдық. Көлігі қирап, авариядан есеңгіреген, жұлын-жүйкесіне салмақ түскеніне кім алаң? Жол қатынасын реттеу мәселесінен аулақ журналиске мәлім жағдайды басшылар назарына ілмегені ме?

Әрине, қалада көлік көп. Әсіресе, таңертеңгі уақытта және жұмыс күнінің соңында көлік кептелісі орын алады.

Біздіңше, мәселені шешудің қарапайым жолы бар. Ермеков көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер бағдаршамының орнын ауыстыру қажет. Бағдаршамды біз айтып отырған Ермеков және Ержанов көшелерінің қиылысына орнатса, жол-көлік оқиғалары азаяр, бәлкім.

Кісі өлгенін күтеміз бе?..

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button