ТОКҮО 2020
Кирилл де қарсыласына есе жіберді
Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл ГЕРАСИМЕНКО жарыс жолынан шығып қалды.
Герасименко Токиодағы екінші кездесуде германиялық Тим Боллмен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жектің алғашқы партиясын Кирилл жеңіспен аяқтаған. Алайда, кейінгі үш партияда неміс спортшысының шеберлігі басым болды. Нәтижесінде, кездесу 1:4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.