Бас тақырып

Үкімет «АрселорМиттал Теміртауға» қатысты мәлімдеме жасады

Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Tengrinews.kz сайтынан

Таңертең Үкіметтің баспасөз қызметі индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баспасөз мәслихаты туралы хабарлама таратты. Брифинг сағат 12:00-де басталады деп жоспарланған. Тақырып «АрселорМиттал Теміртау» деп көрсетілген.

Айта кетейік, 30 қарашада Индустрия және құрылыс министрлігі Қазақстан үкіметі мен ArcelorMittal арасындағы келісімнің соңғы кезеңіне жақындап қалғанын хабарлаған болатын. Бұл шараның маңыздылығын ескере отырып, министрлік мәміле аяқталғаннан кейін дереу брифинг өткізуге уәде берді.

Үкімет пен ArcelorMittal арасындағы келісім толығымен аяқталып, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының акциялары Қазақстанға берілген. Үкімет бүгін кәсіпорынға 3 миллиард долларға жуық инвестиция салуы тиіс отандық инвестордың есімін жариялауы мүмкін.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button